0
Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір
ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің
жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Ана — тіршіліктің гүлі,
отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан
туады» дейді халқымыз. №2 Марқакөл орта мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай тәрбиелік іс-шаралар, атап айта кетсек, 6.03.2017 ж 5-11-сыныптар аралығында "Менің анам - алтын" тақырыбында әр сыныптан аналар команда болып шығып, сайыс түрінде өткізілді. Сайыстар таныстыру, қолөнер байқауы, ән-би өнерінен жарыс бөлімдерінен құралды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шыққан 5-сынып аналары бас жүлдені иеленді. Басқа сыныптар аналарына номинациялар берілді. 7.03.2017 ж. мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана - өмірдің шуағы" атты мерекелік концерт ару қыздар мен аналарына арналды. Концерт ұлдардың флешмобымен басталып, қызықты ойындармен, жүректен шыққан әсем әндермен жалғасын тапты.