» Материалы за Март 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Наурыз - думан"

Автор: admin от 23-03-2017, 23:57, посмотрело: 450

0 Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін мерекенің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт- дәстүрін , өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт- дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында 18.03.2017 ж №2 Марқакөл орта мектебінде "Наурыз - думан" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Әр сынып оқушылары ата-аналарымен жеке ауыл болып, киіз үй құрып, мерекелік дастархан жайылды. Әр "ауыл" "тұсаукесер", "келін түсіру", "шілдехана", "беташар" сынды ұлттық салт-дәстүрден көрініс қойып, ән мен биден шашу шашылды. Түрлі ұлттық тағамдармен қатар Наурыз мейрамының басты тағамы - Наурыз көже ұсынылды. Дәмнен ауыз тиіп, "ауыл" үлкендері «Ұлыс оң болып, Қыдыр ата қолдап жүрсін! Әрқашанда аспанымыз ашық, көк туымыз көкте желбіреп тұра берсін. Наурыз мейрамы бәрімізге күш-қуат, береке әкелсін! Мерекелі тірлік, берекелі бірлік жасай берсін!»,-деген игі тілектері мен ақ баталарын берді. Ду-думан соңында "арқан тартыс", қол күрестіруден оқушылар арасында жарыс өткізіліп, оза шапқандары "Қара күш иесі", "Ең мықты", "Ең батыл" номинацияларымен марапатталды.
 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Ана - өмірдің шуағы"

Автор: admin от 23-03-2017, 23:24, посмотрело: 311

0
"Ана - өмірдің шуағы"
Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. №2 Марқакөл орта мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай тәрбиелік іс-шаралар, атап айта кетсек, 6.03.2017 ж 5-11-сыныптар аралығында "Менің анам - алтын" тақырыбында әр сыныптан аналар команда болып шығып, сайыс түрінде өткізілді. Сайыстар таныстыру, қолөнер байқауы, ән-би өнерінен жарыс бөлімдерінен құралды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шыққан 5-сынып аналары бас жүлдені иеленді. Басқа сыныптар аналарына номинациялар берілді. 7.03.2017 ж. мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана - өмірдің шуағы" атты мерекелік концерт ару қыздар мен аналарына арналды. Концерт ұлдардың флешмобымен басталып, қызықты ойындармен, жүректен шыққан әсем әндермен жалғасын тапты.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Волейбол жарысы

Автор: admin от 9-03-2017, 04:49, посмотрело: 351

0 29- қаңтардан-8-ақпан аралығында Қазақстанда тұңғыш рет универсиада қысқы ойындары өткізілді.Осыған орай ақпан айында №2 марқакөл орта мектебінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.Атап өтсек:1-ақпанда мектепішілік волейбол жарыстары,3-ақпанда 6-7-сыныптар аралығында зарница ойындары өткізілді.Осы ойынның нәтижесінде төменгі сынып бойынша 6-сынып оқушылары 1- орынды,8-сынып-2-орынды,7-сынып оқушылары 3-орынды қанағат тұтты.ал жоғарғы сыныптар бойынша қыздар арсында 1-орынды-9-сынып,2-орынды -11-сынып ,3-орынды -8-сынып оқушылары иеленді.Оның ішінде ерекше көзге түскен Үздік шабуылдаушы атағына ие болғандар -10-сынып оқушысы -Қабдиева анель және 2017 жылдың түлегі -Тоқпаева Жансая марапатталды. Ал ұлдар арасынан дәл осындай номинациға ие болғандар - Жұмажанов Әділ мен Абылайханов Талант. Осындай дүбірлі додада ерекше белсенділік танытқан мектеп оқушыларына және осы сайыстар мен іс-шараларды ұйымдастырушы мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Н.А.Райымбековке алғыс білдіреміз!
Волейбол жарысы

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

2015-2016 оқу жылы

Автор: admin от 5-03-2017, 08:18, посмотрело: 382

0
2015-2016 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

Категория: Алтын белгі иегерлері