«Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ
бүгіннен басталады!»
Студенттермен
кездесу кешінің сценарийі
Өтілетін орны: мектеп кітапханасы 16.01.2017 ж
Мақсаты:
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан
студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда
жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын
арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға
бағыт беру.
Міндеті:
- мектеп бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби
шығармашылық танымын кеңейту;
- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;
- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас
қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін
нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы
студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық
саласына таңдау жасауы.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі "Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" атты студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып зор қошемет көрсетейік,
Студенттер кешіміздің кейіпкері, — деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі
студент болашақ маман иелері бізде қонақта!
Бибігүл, Олжас, Меруерт, Балнұр, Ермек, Парасат, Нартай, Жандос!
Қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! "Кеше ғана бала ең,
келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда
кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып,
жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр.
Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен
келешегі.
Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр
жаусын!
«Сәлем – сөздің анасы» дейді дана халқымыз. Ең алдымен, сіздермен салт-дәстүрден айнымай, сәлемдесуді жөн көрдік. Ол үшін «Сәлемдесу» тренингін бастайық.
Шарт: Сіздер алдарыңыздағы қағазға осында жиналған көпшіліктен кез-келген 3 адамның есімін жазасыздар. (Студенттер жазып біткен соң)
Ал, енді жазылған рет бойынша:
1-ші жазылған адаммен құшақтасып амандасасыздар.
2-ші – қол алысу.
3-ші – бетінен сүю.
(Орындарына жайғасқан соң)
Міне, болашақтың иесі – жастар! Сіздерге қарап, біз, жас буын өздеріңізден үлгі аламыз.
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,
деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңізді таныстыра отырып, оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.
Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі кешімізді әрі қарай Қадылбек Сымағұлдың орындауындағы тамаша әнге кезек берейік.
1) Ән «Махаббатым»
Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер, біз сіздерді қинағанды жақсы көреміз, сондықтан арнайы дайындап әкелген жеңіл сұрақтарымыз бар.
«Тығырыққа тіреу» ситуациялық сұрақтары:
1. «Сіздер
дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды жасөсірім
5. Мектеп бітіруші түлек
Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?
2. Сіз "миллион кімге бұйырады?" шоуына түстіңіз. Миллионнан соңғы сұрақ қана алшақтатып тұр. ШОу ережесі бойынша: Не жауап беріп млн аласың - Не "Білімсіз ақымақ" табличкасымен үйіңе ораласың. ---- Ал сұраққа жауап білмейсіз...Абыройыңызды сақтап қалудағы Әрекетіңіз ?
3. Сіз асыға киініп, сахнаға сөз сөйлеуге шықтыңыз. Зал лық толы көрермен. Кенет, өзіңіздің аяқ киімсіз шығып кеткеніңізді көрдіңіз. Оны байқап қалған көрермендер күліп жатыр. Не істейсіз?
4. Сіз РАВ 4-іңізбен көлік кептелісіне тұрып қалдыңыз. Жұмыстың басталуына 15 минут уақыт қалды. Кешіксеңіз, жұмыстан қуыласыз. Аяғыңызда биік өкше. Жеткенше 2 сағат. Қасыңызда метро да, автобус аялдамасы де жоқ. Әрекетіңіз?
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.
Тәтті
әуенмен қосылған әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
2) Би «Хей ла»
Кешіміздің көтеріңкі көңіл-күйін ойынмен жалғастырайық.
Шарт: Ортаға екі студент шақырылады. Біреуіне алдын-ала дайындалған мақал-мәтелдер беріледі. Екіншісі соны жұбына смайликтер арқылы жеткізу керек.
Мақалдар:
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл – қылыштан өткір.
Көп күлген бір жылайды.
Досың жақсы болса, жеткізер мұратқа,
Досың жаман болса, қалдырады ұятқа.
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
Өз үйің – өлең төсегің.
Ел құлағы елу.
Күш білекте емес, жүректе.
Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді. Сондықтан қазір кешіміздің қонақтары, қойылатын сұрақтарға шынайы түрде жауап берсеңіздер.
1.Ең алғаш оқу орнына барғанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?
2. Мектеп оқып жүрген кездегі ең қызықты сәтті еске түсіріп айтып берсеңіз?
3.Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
4.Не үшін осы факультетті таңдадыңыз?
5.Үлкен аға/әпкесі ретінде ізбасарларыңа қандай кеңес берер едіңіз? Мамандық қалай таңдау керек?
6.Мектептегі оқушы болып жүрген кез жақсы ма, әлде студенттік шақ па?
7.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар,- дегендей келесі кезекті Арысбек Жәннаттың орындауында әсем әнге
берсек.
3) Ән
Кешімізді қызықты ойынмен жалғастырайық. Біздің студенттер, біліуімізше, инстаграмның белсенді пайдаланушылары. Дабсмэш деген ағымды білетін шығармыз? Дәл қазір сіздерге ұсынайық деп отырған ойынымыз дәл солай «Дабсмэш» деп аталады. Ойын шарты, өздеріңізге таныс болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде кеңінен танымал цитаталарды, кинофильмнен үзінділер болуы мүмкін, әртүрлі дауыстарға бет-бейнемізді келтіріп, қайталауымыз керек.
Ойын «Дабсмэш»
Уақыт шіркін
зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой...
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой- дей келе Диастың
орындауындағы әсем ән өздеріңізге арналады.
4) Ән Диас
ХАТ
Жаным, Ермек!
Саған арналған хатты, тіпті, неден бастарымды білмей отырмын.. Әйтеуір, бойымды сағыныш билеп, жазғым келді. Есіңде ме, алғаш кездескен сәтіміз? Дәл сол сәтте өзіңді екінші жартым екенлігіңді түсінген едім. Екеуміз бір-бірімізге жараса кеткенімізді көргендердің бәрі мойындағаны есіңде шығар? Сенімен өткен осы 5 ай мен үшін ұмытылмас күндерге айналды.
Жаным, сенің күлкіңді, еркелеген сөздеріңді естімей жүру мен үшін ауыр екен.. соны біле тұра мені қалай қиып тастап кеттің?! Сағыныштан сарғайып, сені келер деп қатты күттім. Бірақ сен оралмадың... күтуден төзімім таусылып, ақыры іздеп шығуға мәжбүр болдым. Енді, міне, өзіңмен қауышатын сәт келді.
Сәлеммен: сенің ақ халатың
Балалық шақ ұмытылмас қызықты
Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты
Естеліктер еске салып күлдірер
Дәл сол шақтар
қуанышты,қызықты
Кешімізге келген студент аға-әпкелерімізге тарту ретінде бір сәттік балалық
шақтарынан көріністер сыйлағымыз келеді. Келесі кезекте «Балалық шаққа саяхат»
9-сынып ұлдары «Қазақ қыздары» би
Видеокөрініс
Жастарымызды ортаға бізбен бірге қызықты ойын ойнауға шақырамыз.
Ойын «Бұл қай жер?»
Шарт: бастарына арналған тәжде бір жердің аттары айтылған.
Сіздерге соған байланысты сұрақтар қойылады, соған жауап беру керек.
1.Жындыхана 2.Ақерке апайдың үйі 3.Монша
1.Гүлден Құрмашевна
2.Гүлден Жумашевна 3.Майқы Қадылханұлы 4.Руслан Дөкейұлы
Өмірлерің студенттік мәнді
болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе, аға-әпкелерімізден қонақ-кәде
сұраймыз.
«Студент болу – жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең» - деп Тұманбай Молдағалиев айтқан екен. Сіздерге арналған Балғынның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!
5) Ән Балғын
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің сырына құлақ салыңдар,
Сонда да жанарлары жанып тұрар! – деп кеш қонақтарын ортаға шақырайық. Бүгінгі өздеріңізге арналған кештен қандай эмоцияда болғандаыңызды тексеріп көрейік. Біз, әрине, 21 ғасыр, дамыған заманда эмоцияларды қалай көрсетеміз? Әрине, смайликтер арқылы. Біз сұрақтар қоямыз, сіздер смайликпен жауап бересіздер.
1.Бүгін біздің кешімізге қандай көңіл-күймен келдіңіздер?
2. Бүгінгі кештен алған әсерлеріңіз қандай?
3.бүгінгі күннен кейін осы кешті ұйымдастырған 9-сыныпқа көзқарастарыңыз?
Рахмет!
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас - қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына. – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз
осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жарқын
күндерде кездескенше аман сау болыңыздар!




