26
2017 жылдың 4 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік
ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы академик, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, «Құрмет»
орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға мектебіміздің үздік оқушыларының бірі, тіл жанашыры, осы уақытқа дейін талай олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Арқау Жұлдыз қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Жұлдызды мектеп ұстаздарының және оқушылардың атынан жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұлдызың жанып, биіктерден көріне бер!