0
Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін мерекенің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт- дәстүрін , өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт- дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында 18.03.2017 ж №2 Марқакөл орта мектебінде "Наурыз - думан" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Әр сынып оқушылары ата-аналарымен жеке ауыл болып, киіз үй құрып, мерекелік дастархан жайылды. Әр "ауыл" "тұсаукесер", "келін түсіру", "шілдехана", "беташар" сынды ұлттық салт-дәстүрден көрініс қойып, ән мен биден шашу шашылды. Түрлі ұлттық тағамдармен қатар Наурыз мейрамының басты тағамы - Наурыз көже ұсынылды. Дәмнен ауыз тиіп, "ауыл" үлкендері «Ұлыс оң болып, Қыдыр ата қолдап жүрсін! Әрқашанда аспанымыз ашық, көк туымыз көкте желбіреп тұра берсін. Наурыз мейрамы бәрімізге күш-қуат, береке әкелсін! Мерекелі тірлік, берекелі бірлік жасай берсін!»,-деген игі тілектері мен ақ баталарын берді. Ду-думан соңында "арқан тартыс", қол күрестіруден оқушылар арасында жарыс өткізіліп, оза шапқандары "Қара күш иесі", "Ең мықты", "Ең батыл" номинацияларымен марапатталды.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.